Автобусты мас күйінде айдағандарға қылмыс іс қозғалды

366

Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Автобусты мас күйінде айдағандарға қылмыс іс қозғалды Фото: mtrk.kz

Ел аумағында жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шара барысында Жол жүрісі қағидаларын бұзудың 22 мыңнан астам дерегі анықталды, оның 6 мыңға жуығы жолаушылар тасымалы саласына тиесілі.

Жолаушылар мен жол қозғалысының өзге қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылды.

"Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен көлік басқарудың 2 дерегі, мас күйінде басқарудың 4 дерегі және көлік құралын басқару құқығынан айырылған 3 жүргізуші анықталды. Сонымен қатар қалааралық және халықаралық бағыттарда жолаушылар тасымалдайтын автобустарда орындарды заңсыз жабдықтаудың 63 дерегі тіркелді. 61 автобус арнайы айып тұрағына қойылып, 102 мемлекеттік тіркеу нөмірі тәркіленді. Сондай-ақ 6 жүргізушіге қатысты көлікті мас күйде басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", – делінген хабарламада.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығы – ең жоғары құндылық. Ішкі істер министрлігі барлық жүргізушіні, оның ішінде жолаушылар тасымалымен айналысатын азаматтарды заң талаптары мен қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу