Автобустың артқы бөлігіне мініп алған жасөспірімдер елорданы аралаған

466

Полиция жасөспірімдерді іздеп жатыр. 

Автобустың артқы бөлігіне мініп алған жасөспірімдер елорданы аралаған Фото: видео скриншот

Астанадағы бірнеше жасөспірім жүріп келе жатқан автобустың артына мініп алып, бірнеше көше бойы осылай жүрген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде бейнежазба тарады. Бейнежазбада жасөспірімдердің жүріп бара жатқан №58 автобустың артқы жағына мініп алғаны көрсетілген. Олар бірнеше аялдама бойы осылай жүрген.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сарыарқа аудандық полиция басқармасы аталған дерек бойынша тексеру жүргізуде. 

Оқиғаға қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу