Автодөңгелектерді ауыстыру кезінде чек талап ету керек

"Бір күндік" дөңгелектерді монтаждау орталықтарының саны артты. 

Автодөңгелектерді ауыстыру кезінде чек талап ету керек Фото: Inbusiness.kz

Жыл сайын Алматыда маусымаралық кезеңде авто дөңгелектерді ауыстыруға сұраныс артады, осыған байланысты "бір күндік" дөңгелектерді монтаждау орталықтарының саны өсіп, сапасыз қызмет алу қаупі туындайды.

"Алматы қаласы бойынша МКД автокөлік жүргізушілеріне фискалдық чекті талап ету қажеттігі туралы ескертеді, ал берілмеген жағдайда бейне фиксациямен кәсіпкердің ЖСН/БСН, мекенжайын көрсете отырып, Мемлекеттік кірістер органдарына жазбаша өтініш жіберуді сұрайды", – деп хабарлады Алматы Мемлекеттік кірістер департаменті.

Төмендегідей жағдайлардың мүмкіндігіне назар аударамыз:

  • Қолма-қол ақшамен немесе банктік картамен төлеген кезде чек берілмесе-тауарды немесе қызметті сатып алу фактісін дәлелдеу, кепілдік қызметті алу, сонымен қатар тауарды айырбастау мүмкін болмайды.
  • Фискалдық чектің орнына тауарлық чек берілсе-айырмашылығын білу маңызды, яғни мұндай чектің фискалдық белгісі жоқ, өйткені ол бақылау-кассалық аппаратсыз берілген, сондықтан заңды күші болмайды.
  • Жеке тұлғаның жеке шотына ақша қаражатын аудару – жеке тұлғадан-жеке тұлғаның тауар, жұмыс немесе қызмет үшін мобильді аударымдарды қабылдауы заңсыз болып табылады.

"Мобильді аударымдар мен мобильді төлемдер арасында айырмашылық бар.

Мобильді төлемдер-бұл мобильді қосымшаны немесе штрих-кодты сканерлейтін арнайы жабдықты (QR) қолдана отырып, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлем әдісі.

Автокөлік жүргізушісі "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасы арқылы "салық төлеушіні іздеу" электрондық сервисінде кәсіпкердің тіркелуін тексеруге мүмкіндігі бар", – деп хабарлады МКД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу