Автокөлігін ала алмаған салымшы өз-өзіне қол жұмсады

909

Mega general company деген атпен құрылған автосалон қаржы пирамидасы болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Автокөлігін ала алмаған салымшы өз-өзіне қол жұмсады

Еліміздің 150 азаматын сан соқтырған алаяқ компания салымшыны суицидке жеткізді. 

Әдеттегідей, адамдарға "оңай олжа" ұсынған алаяқтар пасық пиғылдарын жүзеге асырып кеткен. Олар "құрбандарына" нарықтан 2 есе төмен бағаға автокөлік ұсынған.

Дилерсымақтар адамдарға 45 күн ішінде банктерде кепілде тұрған автокөліктерді алып беруге уәде беріп, төлемақыны алдын ала иемденіп отырған. Қаражат қолдарына тиген соң хабар-ошарсыз кететін болған. Тұтынушылардың сеніміне ие болу үшін алғашқы 14 адамға автокөлік мінгізген. Қалған клиенттердің барлығын тақырға отырғызған. 

Арзан бағаға темір тұлпар тізгіндегісі келген Демьян Ильин былай дейді: 
"Келімсімге қол қойғаннан кейін олар маған мен қалаған автокөліктің суреттерін жолдап тұрды. Автокөлікті 2 аптада алып беретіндерін айтты. Алаяқтарға 5 млн теңге бердім". 

Белгілі болғандай, зардап шеккендердің дені Шымкент қаласының тұрғындары. Солардың бірі 26 жасар азамат. Ол алаяқ компаниядан автокөлігін ала алмай, өз-өзіне қол жұмсаған. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу