Автокөлікті құжатсыз басқарғандарға айыппұл салынбайды

775

Жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу куәлігін үйде қалдыра беруге болады.  

Автокөлікті құжатсыз басқарғандарға айыппұл салынбайды

Мәжілістің жалпы отырысында заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңының жобасы бойынша қорытынды әзірленетінін мәлімдеді. 

"Заң жобасы автожүргізушінің жүргізуші куәлігі мен Қазақстан Республикасында берілген көлік құралын тіркеу куәлігін өзімен бірге алып жүруді міндеттейтін норманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастауды, сондай-ақ көлік құралдарының кейбір түрлерін пайдалану тәртібін реттеуге бағытталған. Комитет аталған заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2021 жылғы 26 қарашаға дейін қорытынды әзірлеуге дайын", – деді депутат.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу