Автомобиль көлігімен жанармай, дизель отынын елден шығаруға шектеу күшіне енді

1211

Шара алты ай мерзімге қабылданған. 

Автомобиль көлігімен жанармай, дизель отынын елден шығаруға шектеу күшіне енді

21 қарашадан бастап республика аумағынан автомобиль көлігімен жанармай, дизель отынын, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін шығаруға шектеу күшіне енеді. Шара алты ай мерзімге қабылданған, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Шектеу шаралары дизель отынына және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне қолданылады (ТН VED ЕАЭО 2709, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 – олардың ішінде ашық түсті мұнай өнімдері).

ҚР Энергетика министрлігі шектеудің 2021 жылдың 21 қарашасынан 2022 жылдың 21 мамырына дейін жалғасатынынхабарлады.

2021 жылдың 9 мамырынан бастап Қазақстан республикадан тысқары жерлерге жанармайды, дизельдік отынды және бірқатар мұнай өнімдерін, оның ішінде ақшыл түсті мұнайды экспорттауға алты айлық шектеу енгізді.  Шектеулер ішкі нарықта мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау үшін қарастырылған.

Бұған дейін осындай шектеу 2019 жылдың қарашасында енгізілген болатын.  Содан кейін көлік майлары да экспортына да шектеулер қарастырылды.  Бұл шектеу 2020 жылдың сәуір айында алынып тасталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу