Автоөндірушілерді лизингтік қаржыландыру бағдарламасынан бәсекелестікке қарсы нормалар жойылды

918

Әрбір автоөндірушіні лизингтік қаржыландыру кезінде лимиттер сомасын комиссия айқындайды.  

Автоөндірушілерді лизингтік қаржыландыру бағдарламасынан бәсекелестікке қарсы нормалар жойылды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ИИДМ мен "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ кредит беру" қаржылық-экономикалық негіздеме бағдарламасына және "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ лизингтік қаржыландыру бағдарламасының қаржыландыру тетігін жою бөлігіне өзгерістер енгізгенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығы соның негізінде әрбір автоөндірушіге лизингтік қаржыландыру кезінде лимиттер сомасын айқындаған. Осы жылдың 19 қарашасынан бастап әрбір автоөндірушіні лизингтік қаржыландыру кезінде лимиттер сомасын комиссия айқындайды. Оның құрамына ИИДМ Индустриялық даму комитеті бекіткен лизингтік қаржыландыру бағдарламасына қатысатын өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері кіреді.  

Осылайша, белгілі бір қауымдастыққа отандық өндірушілерді лизингтік қаржыландыру бағдарламасына қатысушылар арасында қаржыландыру лимитін бөлу функцияларын беретін бәсекелестікке қарсы нормалар жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу