"Автосалонға айналғандай": "Қазақфильм" аумағында қытайлық көліктер неге толып тұр?

1018

Мекеме басшылығы жауап берді.

"Автосалонға айналғандай": "Қазақфильм" аумағында қытайлық көліктер неге толып тұр? Фото: almaty.tv

Шәкен Айманов атындағы"Қазақфильм”  киностудияның аумағында соңғы күндері қытайлық көліктер қаптаған. Әлеуметтік желіде "қара шаңырақ енді темір тұлпар сататын автотұраққа айнала ма?" деген шу көтерілген еді. Аталған жағдайға байланысты мекеме басшылығы жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты almaty.tv арасына сілтеме жасап.

Басшылық аумақ жеке меншік компанияға жалға берілгенін айтты. Заңды тұлға тек көлік қою үшін жерді уақытша алған көрінеді.

"Одан түскен қаражат жұмысшыларға жалақы ретінде төленеді", - деді Азамат Сатыбалды.

Сондай-ақ, ол қазір не себепті қызметкерлерін ақысыз демалысқа жіберіп жатқанын да түсіндірді.

"Қызметкерлер 10 күнге ақысыз демалысқа кетті. Қазір жұмыс жоқ. Бұл –қысқартудан аман-есен сақтап қалудың жолы. Мен заң бұзып, белшеден басып "Қазақфильмді" ресторан жасап жатқан жоқпын. Бос жерлерді игерумен айналысып жатырмын. "Қазақфильм" маған дейін де 70 пайыз  жалға берілген, қазір де беріледі. Мемлекеттен бір тиын ақша алмай, қызметкерлерге айлық тауып беруіміз керек", – деді Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті Азамат Сатыбалды.

Айта кетейік, Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының жалпы аумағы 16 гектар. 3 ғимарат бар. Бұған дейін 70 пайыз жер әр түрлі мақсатта кәсіпкерлерге жалға беріліп келген. Жаңа қытайлық көліктер де осы аумаққа орналасқан. Қазір мұнда 100 машина тұр. Жеке меншік компания өкілінің айтуынша, алдағы уақытта тағы да көліктер әкелу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу