Автожол қызметкерлерінің кәсіби дамуы үшін жаңа ережелер енгізілді

76

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті.

Автожол қызметкерлерінің кәсіби дамуы үшін жаңа ережелер енгізілді Фото: Көлік министрлігі

Жол инфрақұрылымының сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту мақсатында автожол саласы қызметкерлерінің біліктілігін міндетті түрде арттыру қағидалары ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көлік министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес жаңа талаптар бойынша мамандар кемінде үш жылда бір рет ұзақтығы 40 академиялық сағаттан тұратын курстардан өтуі тиіс. 

"Ал жол ұйымдарының басшылары қызметке тағайындалғаннан кейін алты ай ішінде оқытудан өтеді. Бағдарламалар тәжірибеге негізделіп, дәрістерді, семинарларды, тренингтерді және тағылымдамаларды қамтиды. Оқытуға отандық және шетелдік сарапшылар тартылады", – делінген министрлік хабарламасында.

Курсты аяқтағандар қорытынды бағалаудан өтіп, үш жылға жарамды сертификат алады. Бұл – мамандардың кәсібилігін арттыруға және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу