Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланды

306

Су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпірдің жол төсемі шайылып кетті. 

Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланды Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай облысына қарасты Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымда төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Аягөз ауданында жергілікті маңызы бар "Аягөз-Бозай" автожолының 20 шақырымында Аягөз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпірдің жол төсемі шайылып кетті. Қазіргі уақытта көпір арқылы көлік қатынасы тоқтатылған. Сонымен қатар, басқа айналма көлік жолдары арқылы елдімекенмен байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде", - делінген облыстық әкімдік тартқан хабарламада. 

Қазіріг кезде полиция департаментінің қызметкерлері шектеу белгілерін қойып, кезекшілік ұйымдастырып жатыр.

"Халықты Аягөз өзені арқылы өткізуді жүзеге асыру үшін ТЖД қызметкерлері жіберілді, олар қажет болған жағдайда жүзу құралдарының көмегімен өткелдік жұмыстарды жүзеге асыратын болады", - делінген хабарламада. 

Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымда төтенше жағдай жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу