Аягөз қаласында 17 отбасыға баспана кілті табыс етілді

266

Ресми мәліметтер бойынша, ауданда 1517 адам баспана кезегінде тіркелген. 

Аягөз қаласында 17 отбасыға баспана кілті табыс етілді Фото: pixabay.com

Абай облысы Аягөз қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорында әлеуметтік осал азаматтар санатына жататын 17 жанұяға көпқабатты тұрғын үйлердің кілттері табыс етілді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Халықты, әсіресе әлеуметтік осал жағдайына жататын адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады", - деді Аягөз ауданының әкімі Қанат Әділбай.

Айта кетейік, Аягөз ауданында тұрғын үй кезегінде барлығы 1517 адам тіркелген. Жалпы, 2023 жылға "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Аягөз қаласындағы Қабанбай батыр көшесінде салынып жатқан бес қабатты 60 пәтерлі екі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу