Аягөз тұрғыны көшеден оқ-дәріге ұқсас зат тауып алды

253

3 қыркүйекте Абай облысының Аягөз қаласында күдікті зат табылып, аумақ қоршауға алынды.

Аягөз тұрғыны көшеден оқ-дәріге ұқсас зат тауып алды Фото: Абай облысы ПД

Полиция қызметкерлері жақын маңдағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, 70 жастағы қала тұрғыны темір затты байқап қалып, оның снарядқа ұқсайтынын көрген соң дереу "102"-ге хабарласқан.

Оқиға орнына полиция, ІІМ саперлері және ТЖД мамандары келді. Тексеру барысында заттың қауіпсіз екені белгілі болды. Ол – пайдаланылған кассеталық мина болып шықты, жарылыс қаупі жоқ.

Құқық қорғау органдары тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрмағанын хабарлады. Табылған зат акті бойынша "Восток" РКҚ бөлімшесіне кәдеге жарату үшін тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу