Аягөзде 12 отбасы қоныс тойын тойлады

850

Аягөзде 12 отбасы қоныс тойын тойлады

Аягөздік су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар ұлыс мерекесі қарсаңында қоныс тойын тойлап жатыр. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов баспанасыз қалған 12 отбасына пәтер кілттерін табыс етті. Аймақ жетекшісі қалған мұқтаж азаматтар да жақын күндері баспаналы болатынын жеткізді. Ол үшін "Аягөз Болашақ" қайырымдылық қорына қосымша 80 миллион теңге бөлінбек. Осыдан бір жұмадай бұрын тосыннан келген табиғат апатынан зардап шеккен аягөздіктер қиындыққа сабырмен қарай білді.

Жергілікті атқарушы билік өкілдері тұрғындардың барлық өтініштері назардан тыс қалмайтынын айтқан. Солде орындалып, үйлері опырылып құлап қалған 12 отбасына баспана кілттері табыс етілді.

Алдағы уақытта апат кезінде баспанасыз қалған басқа да тұрғындардың тілегі арнайы құрылған комиссия арқылы біртіндеп қанағаттандырылмақ.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу