Аягөзде ауыз су тарифі 6%-дан астам арзандайды

431

Бұл туралы Абай облысының прокуратурасы мәлім етті.  

Аягөзде ауыз су тарифі 6%-дан астам арзандайды Фото: om-saratov.ru

Аягөз қаласында сумен жабдықтау қызметінің тарифі 6,07%-ға төмендейді. Бұған коммуналдық кәсіпорынның тарифке негізсіз шығындарды енгізгені себеп болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аягөз ауданының прокуратурасы жүргізген талдау барысында "Аягөз Су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны нақты орындалмаған жұмыстарға жұмсалған шығындарды тариф құрамына енгізгені анықталды. Негізсіз есептелген шығындардың жалпы сомасы 18,6 млн теңгеден асқан.

Прокурорлық қадағалау актісінен кейін Абай облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті тарифті қайта есептеп, уақытша өтемдік тариф енгізді.

Нәтижесінде 2025 жылғы 1 тамыздан бастап Аягөз тұрғындары үшін 1 текше метр судың бағасы 302,03 теңгеден 283,68 теңгеге дейін төмендейді.

Тарифтің төмендеуі 12 022 жеке тұлғаға, 131 бюджеттік ұйымға және 407 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты.

Заң бұзушылыққа жол берген кәсіпорын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу