Қарағанды қаласының білім бөлімі бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысым 0-4 сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқуға көшірілетінін хабарлады.
Сондай-ақ Көкшетау қаласының білім бөлімі де бірінші ауысымның оқушылары онлайн оқитынын мәлім етті.
Павлодар облысында да, ауа райының қолайсыздығына (аяз) байланысты 24 ақпанда Павлодар облысында І ауысымдағы 1-11-сынып оқушылары, сондай-ақ колледждердің 1-2-курс студенттері (9-сынып база негізінде) қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Бүгін аяз күшейгеніне байланысты Астанада да бірінші ауысымда оқитын оқушылар онлайн оқуға көшірілді.
– 2026 жылғы 24 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты бірінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар ертең Солтүстік Қазақстан облысында минус 30 градусқа дейін қатты аяз болады. Сондықтан 1-11 (кейбір жағдайда 12) сынып оқушыларына сабақ болмайды, яғни оқушылар онлайн форматта білім алады.