"Аюдың дауысына ұқсас дыбыс естіген" жастарды құтқарушылар таудан алып түсті

268

Олар "Медеу" аумағына дейін қауіпсіз түсірілді.  

"Аюдың дауысына ұқсас дыбыс естіген" жастарды құтқарушылар таудан алып түсті Фото: Бейнежазбадан

Алматының Медеу ауданында таудан түсіп келе жатқан төрт адам белгісіз дыбыстардан қорқып, құтқарушылардан көмек сұраған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға №166 соқпақта болған. 18-23 жас аралығындағы жастар "Медеу" бағытына қарай түсіп келе жатқанда аюдың ақырғанына ұқсас дыбыстар естіген. Қорыққан олар әрі қарай өздігінен жүруге жүрексініп, көмекке жүгінген.

Оқиға орнына Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары мен полиция қызметкерлері барған. Мамандар оларды "Медеу" аумағына дейін қауіпсіз алып түскен.

Төртеуінің ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Кейін олар қалаға өз беттерімен кеткен.

Төтенше жағдайлар министрлігі тауға шығар алдында маршрутты алдын ала жоспарлап, ауа райы мен күннің бату уақытын ескеруге шақырды. Сондай-ақ туристік соқпақтардан шықпай, өз мүмкіндігін дұрыс бағалау қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу