AZAL ұшағы апаты: Ресей мен Әзербайжан келісімге келді

109

Ресей мен Әзербайжан 2024 жылғы AZAL әуе компаниясының ұшағы апатына қатысты мәселені толық реттегенін мәлімдеді.  

AZAL ұшағы апаты: Ресей мен Әзербайжан келісімге келді Фото: REUTERS - Azamat Sarsenbayev

15 сәуірде Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі жариялаған бірлескен мәлімдемеде екі ел арасындағы келісім Ресей Федерациясы мен Әзербайжан президенттерінің 2025 жылғы 9 қазанда Душанбеде өткен кездесуі аясында қол жеткізілгені атап өтілді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау қаласы маңында Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырауына Ресейдің әуе қорғаныс жүйесінің абайсыз әрекеті себеп болған. Тараптар оқиғаның салдарын, оның ішінде өтемақы төлеу мәселесін өзара келісім негізінде шешкен.

Мәлімдемеде қабылданған шешімдер екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтып, өзара сенім мен құрметке негізделген ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталғаны айтылған.

Әзербайжан тарапы апат салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің қайғысына ортақ екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу