Азамат Исақұлов әлем чемпионатының бірінші кезеңінен кері қайтты

983

Азамат Исақұлов әлем чемпионатының бірінші кезеңінен кері қайтты

Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында өзінің алғашқы кездесуін 52 келі салмақ дәрежесіне дейінгі спортшымыз Азамат Исақұлов өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның қарсыласы Оңтүстік Корея өкілі болды. Жекпе-жек біржақты өтті, Инкью Ким қазақстандық боксшыны айқын басымдықпен жеңді, есеп - 0:5. 

Айта кетейік, 26 тамыз күні Әлем чемпионаты аясындағы алғашқы жекпе-жектерін Қазақстанның үш боксшысы өткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу