Азаматтар ұлттық статистика тұжырымдамасына ұсыныс бере алады

505

Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мемлекеттік статистика және деректердің ұлттық экожүйесін дамыту тұжырымдамасы жобасын әзірледі.   

Азаматтар ұлттық статистика тұжырымдамасына ұсыныс бере алады Фото: dknews.kz

Оған ел азаматтары да өз ұсыныстарын қоса алады, деп жазады inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құжатта деректерді басқару саясатын енгізудің негізгі бағыттары сипатталған.

Концепцияда деректердің баламалы көздерін пайдалану және мемлекеттік органдардың деректер сапасын арттыру маңыздылығы көрсетіліп, деректерді басқарудың жеке моделі мен өзге де жайттары қамтылған" делінген ақпаратта.

Тұжырымдама бойынша пікірлер мен ұсыныстарын 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданады. Ұсыныстарды m.misyura@aspire.gov.kz поштасына жолдауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу