"Азаматтардың дербес дерегі сатылып жатыр": ІІМ маңызды мәлімдеме жасады

312

eGov-қа заңсыз қол жеткізу фактілері тіркелмегені айтылды.  

"Азаматтардың дербес дерегі сатылып жатыр": ІІМ маңызды мәлімдеме жасады Фото: kaz.zakon.kz

ІІМ қазақстандықтардың дербес деректерінің сатылымға шығарылғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстан азаматтарының дербес деректері сатылымға шығарылды деген ақпарат қоғамда алаңдаушылық туғызғаны байқалады. Ішкі істер министрлігі аталған ақпаратты тексерді. Бүгінгі таңда eGov порталына заңсыз кіру немесе қол жеткізу фактілері тіркелген жоқ. Сонымен қатар мұндай хабарландырудың жариялану фактісі назардан тыс қалған жоқ. Қазіргі уақытта хабарландыруды орналастырған тұлғаны, ұсынылып отырған деректердің қайдан алынғанын, сондай-ақ оларды заңсыз алуға және таратуға қатысы бар барлық адамды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылдануда", – деп хабарлады ІІМ.

Ведомство өз құзыреті шегінде азаматтардың дербес деректерін қорғауға қатысты конституциялық кепілдікті іске асыруға барынша жауапкершілікпен қарайтынын еске салды. 

"Конституцияның 21-бабында дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын мұндай әрекеттерден қорғау тікелей көзделген. Барлық қатысы бар тұлғаны анықтау үшін қажетті шаралардың бәрі қабылданады. Ешкім жауапкершіліктен жалтара алмайды. Бұл жұмыс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу