Азаматтардың жеке деректері мен хабарламалар құпиясы заңмен қорғалады

132

Бұл цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін хабарламаларға да қатысты.

Азаматтардың жеке деректері мен хабарламалар құпиясы заңмен қорғалады Фото: Spot.uz

Жаңа Конституция жобасында азаматтардың жеке деректері мен хабарламаларының құпиясы заңмен қорғалатыны айтылған. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары, комиссия мүшесі Бақыт Нұрмұханов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сөз еркіндігіне, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық еркіндігіне, зияткерлік меншік ұғымына қатысты ережелер толығымен қолдау тапты. Банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің және байланыс құралдарындағы өзге де хабарламалардың құпиясы заңмен қорғалатыны ерекше көрсетілді. Бұл цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін хабарламаларға да қатысты", − деді Конституциялық сот төрағасының орынбасары.

Айта кету керек, бұған дейін Жаңа Ата заңның жобасы 11 бөлімнен және 95 баптан тұратынын жазғанбыз. Жобада Құрылтайға жеке бөлім арналған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу