"Азаматтарға арналған үкімет" Шымкент автодромында болған көлік апаты жөнінде түсініктеме берді

155

Шымкентте жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсырған бойжеткен көлікті аударып алғанын жазған едік.

"Азаматтарға арналған үкімет" Шымкент автодромында болған көлік апаты жөнінде түсініктеме берді Фото: gov.kz

Шымкентте автодромдағы көлік апатына байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жол-көлік оқиғасына байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы оқиғаның 2026 жылғы 19 қаңтарда Шымкент қаласындағы №4 арнайы ХҚКО аумағында болғанын хабарлады.

Белгілі болғандай, практикалық емтихан кезінде тапсырмалардың бірін орындау барысында жүргізуші куәлігін алуға үміткер көлікті басқара алмай, салдарынан автокөлік аударылып кеткен.

"Арнайы ХҚКО қызметкерлері зардап шеккен адамға жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасын шақырған. Үміткердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

Оқиға мемлекеттік қызмет көрсету процесіне әсер еткен жоқ, қазіргі уақытта практикалық емтихандар қалыпты режимде қабылданып жатыр.

Еске сала кетейік, практикалық емтиханға тек авто-мектептерде оқудан өткен және көлік құралын өз бетінше басқаруға дайын екенін растаған азаматтар ғана жіберіледі", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу