Азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

414

Бұл туралы Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин Жетісу облысының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. 

Азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі Фото: gov.kz

Жиында азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік пакетін жақсарту жөніндегі жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет қызметкерлердің жалақысын санатына қарай 40%-дан 70%-ға дейін көтеру мәселесін пысықтады.

"Өздеріңіз білетіндей, қазір әлеуметтік тұрғыдан біздің қызметкерлер аз қорғалған, бұл тұрғын үй төлемдерінің, қызметкерлерді ауыстыру және жоғарылату кезінде көтерме жәрдемақылардың, жауынгерлік іс-қимылдарға жақын жағдайларда жұмыс істегені үшін үстемеақылардың болмауы", - деді Юрий Ильин.

Сондай-ақ, министрдің дерегінше, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік пакетін жақсарту және Министрлік бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Сонымен қатар, осы кездесу барысында өрт кезінде екі баланы құтқарған Айдос Құрмантайұлы Сағынтаев министрдің қолынан "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалін алды. Жетісу облысы Полиция департаментінің арнайы жедел ден қою жасағының және  екі инспекторы Ермек Асатпаев және Нұрсұлтан Оразалиев, Талдықорған қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Бекжан Билялов және Сырым Құмархан алғыс хаттармен марапатталды.

Сарқан қаласы №12 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Тілеужанов Еділ ТЖМ грамотасымен марапатталды.
Жансүгіров ауылындағы Сыдықов атындағы орта мектептің "Жас өрт сөндіруші" кадет сыныбының оқушылары Министрдің Алғыс хаттарымен марапатталды.
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу