Азаматтық некедегі әйелінің жағын сындырған шымкенттік тұрғын сотталды

98

Сотталушы ҚР Қылмыстық кодекстің 107-бабының 1-бөлігімен айыпталған.  

Азаматтық некедегі әйелінің жағын сындырған шымкенттік тұрғын сотталды Фото: rg.ru

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қалалық соттың мәліметінше, О. өткен жылы 1 мамырда кешкі уақытта Шымкент қаласы, Жаңаталап шағынауданында орналасқан үйде өзінің азаматтық некедегі жұбайы жәбірленуші С.-мен жанжалдасып, бетінен бірнеше рет ұрып, жағын сындырған. Соның салдарынан жәбірленушінің денсаулығына орташа зиян келтірген.

Сотталушының кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденіп, прокурор 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. 

– Сотталушы кінәсін ішінара мойындап, өзін ақтауды сұрады. Сот сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін ішінара мойындағанын ескерді, ал ауырлататын мән-жай анықталмады. Сот, О.-ны ҚК-нің 107-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, – делінген сот хабарламасында.

Азаматтық талап арыз ішінара қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу