Азаматтық некедегі күйеуі әйелін 27 рет пышақтап өлтірген

494

Оқиға Қырғызстанда орын алған.  

Азаматтық некедегі күйеуі әйелін 27 рет пышақтап өлтірген Фото: Настоящее время

Қырғызстандағы Бішкек қаласының іргесінде ер адам 34 жастағы азаматтық некедегі әйелін баласының көзінше өлтірген. Марқұмның жақындарының сөзінше, күдікті полиция өзі берілген. Ал Рахиманың үш баласы жетім қалды дейді. 
Рахиманың анасы қызын өлтірген ер адамның оның екінші күйеуі екенін айтады. Бірінші некесінен Рахиманың екі ұлы бар екен. Ал қызын сал ауруымен дүниеге келген ұлы көз жұмған соң асырап алған. Азаматтық некедегі күйеуі Рахиманы бұған дейін де ұрып келген, дейді марқұмның жақындары. 

"Ұлдары сал ауруымен дүниеге келіп, кейін көз жұмды. Сол кезде Рахимаға бала күтімі бойынша көмектескен едім. Күйеуі ұрған кезде мен куәгер болдым, есінен танғанша басынан қазанмен ұрды. Содан кейін екеуі татуласты, бірақ барлығына ажырасатынын айтып жүрген. Енді өтпейтін пышақпен 27 рет пышақтады дейді. Сол кезде қызын қолына ұстап тұрған. Балалары көрші бөлмеде отырыпты. Асқан жауыздықпен өлтірген, мұндайларды өлім жазасына кесу керек", – дейді әйелдің туысы Бурмагүл Жамакеева.

Көршілерінің айтуынша, ер адам полицияға өзі берілген. Сондай-ақ Рахиманы көзіне шөп салғаны үшін өлтіргенін айтыпты. Ішкі істер министрлігі көп ұзамай күдіктінің ұсталғанын, "Асқан қатігездікпен кісі өлтіру" бабы бойынша іс қозғалғанын мәлімдеді. 

"Әйелдерді қорғайтын кезде заң жұмыс істемейді. Рахима бірнеше рет милицияға арыз жазды, ұрып-соғатынын айтып, шағым түсірген. Бірақ ол жердегілер отбасылық іске араласпайтынын айтыпты. Өзі де бұл туралы бірнеше рет айтты. Әйелді өлтірген соң ғана полиция шара қабылдайды. Қанішерді қатаң жазалауды талап етеміз", – деді Рахиманың әпкесі Миргүл Былжиева. 

Марқұмның анасы қызының екі ай бұрын күйеуімен ажырасқысы келгенін айтады. Бірақ ер адам әйелін қайтарып алу үшін барлығын істеген, тіпті жақындарынан көмектесуді сұрапты. 

"Жарқырап жүретін. Әрі қарай не істейін? Қалай өмір сүремін? Әрі кетсе 10 жыл отырып, бостандыққа шығады. Ал қызымды кім қайтарып береді? Сол күні күйеуі маған келіп өзгергенін, 5 уақыт намаз оқып, ораза ұстайтынын айтты. Жылап кешірім сұрап, қызымен татуластыруды сұрады. Мұнда менің де кінәм бар. Не үшін істедім? Оны аяп едім, енді қызымнан айырылдым. Біздің балаларымызды өлтіруді қашан қояды? Әйелдердің құқығын қашан қорғайды", – деді Салқынай Құрманова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу