Қазақстан елшісі Нидерланды короліне сенім грамоталарын тапсырды

108

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан елшісі Нидерланды короліне сенім грамоталарын тапсырды Фото: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасының Нидерланд корольдігіндегі елшісі Ақан Рахметуллин Нидерланды королі Виллем-Александрға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейінгі кездесу барысында елші корольге Қазақстанның ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы, ең алдымен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырып жатқан ауқымды реформалар аясында ақпарат берді.

Сондай-ақ, корольге мемлекеттілікті нығайту, орнықты экономиканы қалыптастыру, азаматтардың әл-ауқаты мен құқықтық мәртебесін арттыру мақсатындағы елді одан әрі жаңғыртудың негізгі бағыттары туралы жан-жақты мәлімет ұсынылды.

Қазақ дипломаты сұхбаттасын Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысындағы сөйлеген сөзінің және "Turkistan" газетіне берген сұхбатының негізгі мазмұнымен де таныстырды.

Король Виллем-Александр қазақстандық реформалар бағытына оң баға беріп, олардың Қазақстан мен оның азаматтарының игілігі үшін маңыздылығын тілге тиек етті. 

Кездесу барысында қазақ-нидерланд ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін, оның ішінде инновациялар мен жоғары технологиялар салаларында айтарлықтай әлеуеттің бар екені атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу