Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады

128

Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылға дейін елімізде жаңа су қоймаларын салу жоспарланып отыр.

Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады Фото: Үкімет

Бұл жөнінде ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, жаңа нысандарды салумен қатар, ескіргендері жөндеуден өтеді. Нақтырақ айтқанда, 37 су қоймасы және 110 құрылысжай реконструкцияланады. Сондай-ақ 14 500 шақырым су арнасы жаңғыртылып, 557 гидротехникалық құрылыстың жағдайына жан-жақты тексеріс жүргізіледі.

Сонымен бірге, Е. Ибрайханов министрліктің былтыр атқарған жұмыстарына тоқталды.

"ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025 жылы 147 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруды бастады. Оның ішінде 53 жоба аяқталды. Атап айтқанда, 677 шақырым ирригациялық жүйелерді жаңғырту, 4 су қоймасын (Қызылағаш, Киров, Қапшағай, Шар су қоймаларын) реконструкциялау, 15 топтық су құбырын салу-жөндеу, 3 құрылысжайды реконструкциялау жұмыстары жүргізілді", – деді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу