Қазақстанда 25 қазанда Республика күні аталып өтеді. Бұл мереке 2025 жылы сенбі күніне сәйкес келеді. Сондықтан ол күннің демалысы 27 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады.
Осыған байланысты 5 күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 25, 26 және 27 қазан күндері демалады.
Айта кетейік, қазан айында демалыс күндері мынадай болады:
4, 5 қазан (сенбі, жексенбі);
11, 12 қазан (сенбі, жексенбі);
18, 19 қазан (сенбі, жексенбі);
25, 26, 27 қазан (сенбі, жексенбі, дүйсенбі).
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу