Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

255

Ел өңірлерінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел мен аптап ыстық күтіледі, жоғары өрт қаупі сақталады.  

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды Фото: pinterest.com

24 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Көп өңірде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Кей аймақтарда шаңды дауыл соғады.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өткінші жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Астанада күндіз бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай, Қызылорда және Түркістан облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі.

Павлодар, Абай, Алматы және Жетісу облыстарында күндіз 35-38 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Елдің көптеген өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу