Азат Перуашев "Ақ жол" партиясының төрағалық қызметінен кетуге қатысты пікірін білдірді

499

Саясаткердің айтуынша, төрағалықтан кету туралы шешім партия ішінде шамамен жарты жылдай талқыланған.  

Азат Перуашев "Ақ жол" партиясының төрағалық қызметінен кетуге қатысты пікірін білдірді Фото: parlam.kz

Перуашев кез келген саяси ұйым өз құндылықтарына адал болумен қатар, заман талабына сай жаңашыл идеяларды қабылдай білуі тиіс деп санайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев "Ақ жол" демократиялық партиясы төрағасы қызметінен кетуіне қатысты шешімді бір күнде қабылдамағанын айтты. Перуашев өз орнына партияның белгілі өкілі Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынған.

"Бұл шешім белгілі бір деңгейде көңіл күйіме әсер етті. Бірақ бұған басқа факторлар ықпал етті. Сіздерге құпияны ашайын: біз Дания Еспаеваның қаңтардан бастап дайындадық. Ол кісінің партиядағы беделінің өте жоғары екенін байқадым. Сондықтан осындай шешім қабылдадық", – деді А.Перуашев.

Оның айтуынша, Еспаева қазіргі Қазақстанның саяси және экономикалық кеңістігінде жаңа үрдістердің бастаушысы ретінде бағаланады. Дания Еспаеваның тәжірибесі, кәсіби білімі және батыл шешім қабылдай алу қабілеті партияға жаңа серпін береді. Білікті маманның тың көзқарастары мен жаңашыл бастамалары "Ақ жолдың" жұмысын жаңа деңгейге көтере алатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар Перуашев партия ішіндегі пікір алуандығын да атап өтті. Мәжілістегі фракция депутаттары кейбір мәселелер бойынша Еспаевамен пікірталасқа түсіп отыратынын, бұл оның дербес ұстанымы бар саясаткер екенін көрсетеді деп санайды.

Ал, Азат Перуашевтің алдағы жоспары партия съезінен соң белгілі болмақ.

Айта кетейік, 13 маусымда "Ақ жол" демократиялық партиясын 15 жыл басқарған Азат Перуашев өз өкілеттігін тоқтататынын жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу