Әзірбайжан аймақтағы жағдайды толық бақылауға алғанын жариялады

581

"Жазалау" контроперациясының барысында Гырхгыз, Сарыбаба биіктігі және стратегиялық маңызы бар басқа да биіктіктер бақылауға алынды.

Әзірбайжан аймақтағы жағдайды толық бақылауға алғанын жариялады

Әзірбайжан әскері "Жазалау" операциясынан кейін Ресейдің әскери күштері уақытша орналасқан Әзірбайжан аумағы мен мемлекеттік шекарада жағдай тұрақталғанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Аймақтағы жағдай қазір әскер бөлімшелерінің толық бақылауында Әзірбайжан әскерилері жүргізген "Жазалау" контроперациясының барысында Гырхгыз, Сарыбаба биіктігі және стратегиялық маңызы бар басқа да биіктіктер бақылауға алынды.

Қорғаныс министрлігінің хабарламасында Армения қарулы күштерінің мүшелері Кельбаджар және Лачин аудандарының аумағын қамтитын Гырхгыз тау жотасының биіктігін басып алып, ол жерде жауынгерлік позицияларды орнатпақ болғаны жазылған.

Қорғаныс министрлігі 3 тамызда Ресей Федерациясының бітімгершілік контингенті уақытша орналасқан аумақта Армения қарулы құрылымдарының мүшелері Әзірбайжан әскерінің бөлімшелеріне қарсы арандатушылық әрекетін жасағанын, осылайша Ереван 2020 жылғы 10 қарашадағы үш жақты мәлімдеменің ережелерін бұзғанын мәлім етті. 

Қақтығыс салдарынан Әзірбайжанның әскери қызметкері қаза тапқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу