Әзербайжан, Армения және Ресей Сыртқы істер министрлері Қарабақ мәселесі бойынша кездеседі

425

Кездесуге Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов және Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян қатысады, деп жазады inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Әзербайжан, Армения және Ресей Сыртқы істер министрлері Қарабақ мәселесі бойынша кездеседі Фото: inbusiness.kz

Министрлер Қарабақ төңірегіндегі дау дамайды азайтудың жолдарынан бөлек 2020, 2021, 2022 жылдардағы Ресей, Әзербайжан және Армения көшбасшылары қол қойған мәлімдеменің қалай жүзеге асырылып жатқанына сараптама жасамақ.

Сонымен қатар кездесу барысында Баку мен Ереван арасындағы бітімгершілік келісімін дайындау, басқа да мәселелердің шешімін іздеу қарастырылады делінген.

Мәлімдемеде министрлердің аймақтағы тасымалдау кедергілерін жою, Әзербайжан-Армения арасындағы шекараларды анықтау, парламенттер арасындағы диалогты бастау, қоғам мен сарапшылар арасында байланыс орнату, сондай-ақ Әзербайжан-Армения қарым-қатынастарын қалыпқа келтірудің басқа да маңызды жолдары талқыланады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, Ресейдің Әзербайжан және Армениямен жеке өткізетін екіжақты кездесулерде күн тәртібіндегі екіжақты қарым-қатынастар талқыланбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу