Әзербайжан елшілігі қазақ халқының қайғысына ортақтасып, туын төмен түсірді

673

Бұл жөнінде елшіліктің Facebook парақшасында хабарланды.  

Әзербайжан елшілігі қазақ халқының қайғысына ортақтасып, туын төмен түсірді

Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты Әзербайжанның Қазақстандағы елшілігі қазақстандықтарға көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазақстан Республикасында 13 шілде – Жалпыұлттық аза тұту күні болып жариялануына байланысты Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы елшілігі бауырлас Қазақстан халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Осындай қиын сәтте бауырлас Қазақстан халқына қолдау білдіру мақсатында елшілік ұлттық туды төмен түсіргенін мәлімдейді" делінген елшіліктің хабарламасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу