Әзербайжан Еуропаға газ жеткізу көлемін арттырады – Ильхам Әлиев

680

Әзербайжаннан Еуропаға газ тасымалдайтын құбыр толық қуатында жұмыс істеп тұр.

Әзербайжан Еуропаға газ жеткізу көлемін арттырады – Ильхам Әлиев Фото: report.az

Жеті елдің аумағы арқылы өтіп, Италияға дейін жалғасатын магистраль Болгариядағы интерконнекторлар арқылы Еуропалық одақтың он мемлекетіне газ жеткізеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. Бұл туралы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев мәлімдеді.

Мемлекет басшысы бұл жөнінде 12 қарашада Дублинде өткен Еуропалық саяси қоғамдастықтың IX саммиті аясындағы дөңгелек үстелде айтты.

Жиын "Бәсекеге қабілетті Еуропаны қалыптастыру – инновациялар, өзара байланыс және қолжетімді энергия" тақырыбына арналды. Ильхам Әлиев газ құбырының өткізу қабілетін одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, Грекия мен Италияға бағытталған газ құбырының жылдық өткізу қуаты 10 миллиард текше метрден 11,2 миллиард текше метрге дейін ұлғайтылған.

Сонымен қатар Әзербайжан президенті елдегі өңдеу кәсіпорындарының жалпы өндірістік қуаты жылына 30 миллион тоннаға жететінін хабарлады. 

Ильхам Әлиев алдағы уақытта Еуропаға газ жеткізу көлемін арттыру жоспарланып отырғанын жеткізді. Осы мақсатта жаңа кен орындарын ашу және игеру жұмыстары жүргізілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу