Әзербайжан қорғанысқа бөлінетін қаражатты 5%-ға арттырады

506

Әзербайжан 2023 жылы Қорғаныс және Ұлттық қауіпсіздік бюджетінің шығындарын 5,32 миллиард манатқа (3,1 миллиард доллардан астам) арттырады. 

Әзербайжан қорғанысқа бөлінетін қаражатты 5%-ға арттырады

Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,6%-ға артық, деп хабарлайды елдің Қаржы министрлігі.

Ведомство ақпараты бойынша, келесі жылы республика бюджетінің кірісі 30,72 миллиард Манат (18 миллиард доллар) болуы керек. Шығындар әзірге  33,3 миллиард манатқа (19,5 миллиард доллар) бағаланған.

13 қыркүйекке қараған түні Армения мен Әзербайжан әскерлері арасындағы шекарадағы қақтығыстар қайта жанданды. Екі жақтан да 176 әскери адам қаза тапты. 15 қыркүйекте Ереван Бакумен бітімге қол жеткізгенін жариялады. Сол күні кешке ҰҚШҰ миссиясы Арменияға эскалация аймағындағы жағдайды бағалау үшін келді.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу