Әзербайжан мен Армения қарулы қақтығысты тоқтатуға келісті

558

Әзербайжан мен Армения арасындағы шиеленіс қайта өршіген соң, мәселеге әлемдік қауымдастық араласып, тараптар кешелі бері қарулы қақтығысты тоқтатты, деп хабарлады Atameken Business. 

Әзербайжан мен Армения қарулы қақтығысты тоқтатуға келісті

Шекаралық аймақта болған атыс кезінде Армения 105, Әзербайжан елуден аса азаматынан айырылды. Қазір олар марқұмдарды жер қойнына тапсырып жатыр. 2 жыл бұрын Таулы Қарабақтағы оқиғадан соң, қайта басталған шиеленіс кезінде тараптар тағы да бір-бірін айыптады. 

Әзербайжандардың айтуынша, бұл – арандату мақсатында жасалған әрекет. Ал Армяндар болса, оларды әскери техникаларының барлығын пайдаланып, азаматтық инфрақұрылымдарды атқылады, біраз үйді жағып жіберді деп айыптайды.

Бакудегі билік оның барлығын жоққа шығарып отыр.

Айта кету керек, апта басында Армения Премьер-министрі Ресейден, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы және ұлттар ұйымынан көмек сұраған. Бүгін Еревандағы халық тағы да билікке қарсы шығып, Пашинянды сатқын деп айыптап, оның отставкаға кетуін талап етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу