Әзірбайжан мен Израиль Еуропаға жеткізілетін газ көлемін арттырады

584

Еуроодаққа газ жеткізілімінің арттыру туралы Әзірбайжан да хабарлады.

Әзірбайжан мен Израиль Еуропаға жеткізілетін газ көлемін арттырады

Израиль Еуропалық Одақ Ресейден 2021 жылы алған газ көлемінің шамамен 10%-ын алмастыра алады, – деді Израиль Премьер-Министрі Яир Лапид Берлинде Германия канцлері Олаф Шольцпен кездесуде.

Әзірбайжанның Энергетика министрі Парвиз Шахбазов Еуропаға газ жеткізудің жалпы көлемі 2022 жылы 12 млрд текше метрді құрауы тиіс деп мәлімдеді. Бұл бұрынғыға қарағанда 30%-ға артық.

Сондай-ақ Әзірбайжан, Грузия, Түркия және Греция арқылы өтетін газ желісін кеңейту жоспарлары бар. Құбыр желісінің қуаты жылына 20 млрд текше метрге дейін ұлғайтылуы мүмкін.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу