Бұл туралы Өзбекстанның инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі жанындағы шетелдік инвестицияларды тарту агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Форум екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға арналған негізгі алаңдардың бірі болмақ. Іс-шараға Өзбекстан мен Әзербайжанның мемлекеттік органдарының өкілдері, инвесторлар және іскер топтар қатысады.
Форум аясында екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейту, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және өңірлер арасындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланады.
Әзербайжан тарапынан форумға түрлі салаларда жұмыс істейтін жетекші компаниялар қатысады. Олардың қатарында агробизнес және тамақ өнеркәсібі, құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау, ақпараттық технологиялар мен цифрлық шешімдер, логистика, денсаулық сақтау, энергетика, өнеркәсіп өндірісі, сондай-ақ кәсіби және консалтингтік қызметтер салаларының өкілдері бар.