Әзербайжан Өзбекстан және Түркиямен бірлесіп, әскери жаттығу өткізеді

266

Бұл туралы Әзербайжан Қорғаныс министрлігі хабарлады.  

Әзербайжан Өзбекстан және Түркиямен бірлесіп, әскери жаттығу өткізеді Фото: medianews.az

Әзербайжан, Түркия және Өзбекстан әскери қызметшілерінің қатысуымен "Бірлік күші – 2026" атты бірлескен әскери оқу-жаттығу өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқу-жаттығу 3 кезеңнен тұрады. Әскери маневрлер Әзербайжандағы Қарабақ экономикалық ауданындағы Қызылкая оқу-жаттығу орталығында, Нахчыван Автономиялық Республикасындағы Қарабағлар оқу-жаттығу орталығында және Әзербайжанның Каспий теңізіндегі аумақтық суларында орналасқан Бүйүк-Зира полигонында ұйымдастырылады.

Маневрлерге үш елдің әскери қызметшілерімен қатар жауынгерлік техника, теңіз және әуе көліктері, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылады.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – әскери бөлімдердің бірлескен операцияларға дайындығын арттыру, өзара іс-қимылды жетілдіру және әскери дайындық рәсімдерін біріздендіру. Сонымен қатар оқу-жаттығу барысында әскерлердің жаңа жауынгерлік мүмкіндіктерін дамыту көзделген.

Ведомствоның мәліметінше, Түркия Қарулы күштерінің әскери қызметшілері мен авиациялық техникасы оқу-жаттығуға қатысу үшін Әзербайжанға келіп үлгерген.

Әзірге Әзербайжан тарапы "Бірлік күші – 2026" оқу-жаттығуының нақты басталу және аяқталу күндерін жариялаған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу