Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға келуі мүмкін

204

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға келуі мүмкін Фото: Ақорда

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекеттер басшылары бұл мәселені жуырда телефон арқылы сөйлескен кезде талқылады. Қазіргі кезде сапардың нақты мерзімі мен мазмұны келісіліп жатыр. 

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барған еді. Президенттер өзара байланыстарымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі елдің одақтастық қатынастарын нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу