Әзербайжан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын айтты

93

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев бұл мәлімдемесін X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әзербайжан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын айтты Фото: Ақорда

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нахичевань әуежайына жасалған шабуылды айыптағаны үшін және Қазақстанның Әзербайжанға көрсеткен қолдауын жоғары бағалады.

"Мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Иран мемлекетінің Нахичеваньге жасаған шабуылдарын айыптап, біздің елімізге Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы одақтас және бауырлас рухта қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін", – деп жазды Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев X желісінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу