Әзербайжан президенті Қырғызстанға барады

493

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 11-12 қазанда Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады.   

Әзербайжан президенті Қырғызстанға барады

Бұл туралы бүгін, 10 қазанда ҚР басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, сапар аясында екі мемлекет басшыларының келіссөздері өтеді. Садыр Жапаров пен Ильхам Әлиев екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ одан әрі даму мен тиімді өзара іс-қимыл құру перспективаларын талқылайды.

Екіжақты келіссөздерден басқа, мемлекетаралық кеңестің бірінші отырысын өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, Әзербайжан президенті "Қырғызстан-Әзербайжан достығы" саябағының ашылуына, сондай-ақ Гейдар Әлиев пен Низами Ганджеви атындағы жалпы білім беретін мектептердің ашылуына қатысады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу