Әзербайжан Ресейді "шындыққа жанаспайтын" ақпарат таратты деп айыптады

2404

Ресей тарапы Әзербайжан үшжақты келісімді бұзып, әскерлерді ресейлік бітімгерлер орналасқан аймаққа енгізді деп мәлімдеген еді.

Әзербайжан Ресейді "шындыққа жанаспайтын" ақпарат таратты деп айыптады Фото: reuters.com

27 наурызда ресейлік БАҚ Әзербайжан Таулы Қарабақ аумағынан өз әскерлерін шығарды деген ақпарат таратты. Әзербайжан Қорғаныс министрлігі әскерлердің шығарылмағанын және Ресей таратқан ақпарат "шындыққа жанаспайды" деп мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Әзербайжан Республикасының Қорғаныс министрлігі Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 2022 жылғы 27 наурыздағы мәлімдемесінде көрсетілген деректердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Әзербайжан армиясының Фаррух ауылындағы және еліміздің егеменді аумақтарының бөлігі болып табылатын жерлердегі позицияларында ешқандай өзгеріс болған жоқ", – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Ресей тарапы Әзербайжан үшжақты келісімді бұзып, әскерлерді ресейлік бітімгерлер орналасқан аймаққа енгізді деп мәлімдеді. Ресми Баку бұл айыпты жоққа шығарды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу