Әзербайжан шетелдегі қазақ жастарын диаспора форумына қатысуға шақырады

600

Форум 25-28 қыркүйекте Шуша қаласында өтеді.

Әзербайжан шетелдегі қазақ жастарын диаспора форумына қатысуға шақырады Фото: BBC

Әзербайжан республикасының Диаспорамен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитеті 25-28 қыркүйекте Шуша қаласында өтетін Диаспора жастарының бірінші форумына шетелдегі этникалық қазақ жастарын шақырып отыр. Бұл туралы "Отандастар" қоры хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Форумда Түркі әлемінен келген 19-30 жас аралығындағы жастар бас қосады және диаспора жөніндегі өзекті мәселелер талқыланады. 

Әзербайжан республикасының Диаспорамен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитеті қатысушылардың сапарға қатысты жол және өзге де шығындарын өз мойнына алады. Өтінімдер 15 қыркүйекке дейін "Отандастар" қорының oq.contests@gmail.com электронды мекенжайына қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу