Әзербайжанда банктердің бірі жабылды

425

Салымшыларға өтемақы төленетін болды.

Әзербайжанда банктердің бірі жабылды Фото: 1news.az

Әзербайжан орталық банкі (ӘОБ) басқармасының шешімімен "Günay Bank" ААҚ лицензиясы 17 мамырдан бастап жойылды, банкроттық арқылы банкті тарату туралы сотқа өтініш берілді, деп жазады inbusiness.kz. 

Кредиттік-қаржы мекемесінің жиынтық капиталы белгіленген талаптан аз — 50 млн манат (шамамен $30 млн), жиынтық капиталдың коэффициенті 3%-дан төмен болғандықтан және банк өзінің ағымдағы қызметін пруденциалдық тәртіппен жүзеге асырмайтындығына байланысты банк жабылды.

Орталық банк хабарлағандай, жоғарыда аталған шешіммен Günay Bank-тің уақытша әкімдігі тағайындалды, оған банкті басқару бойынша барлық өкілеттіктер берілді.

АПА ақпарат агенттігі таратылған банк салымшыларының 99,9%-ның салымдары өтелетін болады деп атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу