Әзербайжанда қауіпті аумақта мина жарылып, тұрғын жарақат алды

105

Әзербайжанның Агдам ауданында миналық оқиға тіркелді. 

Әзербайжанда қауіпті аумақта мина жарылып, тұрғын жарақат алды Фото: АЗЕРТАДЖ

Аудан тұрғыны бұрынғы әскери қақтығыс болған аумақта минаға түсіп, жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура және Әзербайжан Республикасының Миналарды тазарту агенттігінің (ANAMA) баспасөз қызметтеріне сілтеме жасап хабарлауынша, 26 наурыз күні оккупациядан босатылған Агдам ауданының Юсифджанлы ауылы аумағында мина жарылған.

Мәліметке сәйкес, Агдам ауданының Юсифджанлы ауылының тұрғыны Аббасов Джейхун Фирдовси оглу бұрынғы шеп аумағында, миналардан тазартылмаған жерде жаяу әскерге қарсы мина жарылысының салдарынан сол аяғынан жарақат алған.

Аталған факті бойынша Агдам аудандық прокуратурасында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу