Әзербайжанда жер сілкінді

396

Дүмпу ел астанасы Баку мен жақын маңдағы қалаларда да сезілді.

Әзербайжанда жер сілкінді Фото: Риа Новости

Әзербайжан сейсмологиялық қызмет орталығы Каспий теңізінің Әзербайжан жағалауында 5,7 баллдық жер сілкінісі болғанын хабарлады.

Әзербайжанның төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша 4-шілде күні жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 12-ден кете 5,7 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Министрлік таратқан мәлімдемеге қарағанда жер сілкінісі Хачмаз провинциясынан солтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым жерде болған. Тереңдігі 20 шақырымға дейін жеткен. Зілзала аталмыш провинциядан бөлек ел астанасы Бакуде және оған жақын қалаларда сезілді.

Ал жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат тараған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу