Әзербайжанның танымал минералды суы Қазақстанға жеткізіле бастайды

289

Минералды су Әзербайжандағы қалпына келтірілген зауытта өндіріледі.

Әзербайжанның танымал минералды суы Қазақстанға жеткізіле бастайды Фото: Бизнес бюро

Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Айдар  Әбілдабеков "Қазақстан – Әзербайжан" бизнес форумының кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сауда-саттыққа қатысты қандай келісімшартқа қол қойылатынын айтты.

"Біріншіден, Истису деген Әзербайжан суы қалпына келтірілген зауыттан шығарылып жатыр. Сол суды бізге әкеледі деген келісім бар. Біздің тарапымыздан сауда-саттық жасауға QazTrade көмектеседі", – деді Айдар  Әбілдабеков.

Тілшілер дүкен сөрелерінде бұл минералды су түрін қашан көре аламыз деп нақтылады.

"Менің білуімше, алдын ала келіссөздер өткізілген. Осы жерде ресми дистрибьютермен келісілген. Дистрибьютер ірі сауда желілерімен жұмыс жүргізіп отыр. Келесі апталарда, мүмкін осы аптада дүкен сөрелерінен көре жатарсыздар. Бұл – минералды су. Бұрын бұл су табиғи жолмен шыққан", – деді вице-министр.

Бұдан бөлек Айдар  Әбілдабеков туризм бағытында да жоба қолға алынуы мүмкін екенін айтты.

"Шығыс Қазақстан бағыты бойынша Алакөл санаторийін бірігіп саламыз деп жоспарлап отырмыз. Оның қанша орындық болатынын нақты айта алмаймын. Себебі бұл Туризм комитетінің құзырындағы мәселе", – деді ол журналистердің сауалына берген жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу