Ажар Ғиният неге БАҚ өкілдеріне Үкімет отырысына кіруге шектеу қойылғанын түсіндірді

616

Министрлерді індеттен оқшаулау мүмкін бе?

Ажар Ғиният неге БАҚ өкілдеріне Үкімет отырысына кіруге шектеу қойылғанын түсіндірді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ғаният Ажар "журналистердің үкімет отырысына қатысу мүмкіндігі неге шектелді?" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бұл кеңсе қызметкерлерінің жұмыс жағдайына және кеңселердің толып кетуіне байланысты. Кіруге шектеу қойылмаса, бүкіл министрлік ауырып қалуы мүмкін. Сонда елдегі саланы кім қадағалайды? Осы сұрақтарды бас санитар-дәрігерге қоюыңызды сұраймын", – деді министр.

Алайда азық-түлік дүкендері мен сауда орталықтарындағы адамдар көп екенін айтқанда министр "респираторлық инфекциялардан қорғану үшін бетперде кию керек" деп қысқа қайырды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу