Ажырасуға өтініш бергендердің 80 пайызы жас отбасылар

3136

Қызылорда облысында 9 айдың өзінде неке бұзуға қатысты 1316 талап арыз түскен. 

Ажырасуға өтініш бергендердің 80 пайызы жас отбасылар

Азаматтық істер қатарында ажырасуға өтініш берген жастардың көптігі алаңдатады. Өңірдегі өзекті түйткіл жайлы қалалық сот судьясы Жазираш Дербісалиева айтып берді.

"Биыл неке бұзу туралы арыз көптеп түсті. Сонымен қатар алимент өндіруге өтініш білдіргендер де көп. Бұл ажырасуға өтініш жасалған кезде қосымша тапсырылатын арыз болып саналады. Қазір 19-20 жастан үйленіп, бір жылдан соң ажырасып жатқандардың қарасы көп",– дейді қалалық сот судьясы.

9 айдың өзінде неке бұзуға қатысты 1316 талап арыз келіп түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 763-ке артық, ажырасушылардың 80 пайызы жас отбасылар. Сондай-ақ, есеппен ажырасатындар да бар екен. Мәселен, мемлекет беретін көмекке ілігу үшін формальді түрде ажырасуға өтініш қалдыратындар белгілі болған.

"Жыл басынан бері әлеуметтік көмек алу мақсатында ажырасуға бел буғандар да жетерлік. Сотта мемлекеттің әлеуметтік көмекке қол жеткізу мақсатында қағаз жүзінде айырылысуды қалайтындардың ісі белгілі болса, іс қараусыз кері қайтарылады", – деді судья Жазираш Дербісалиева.

Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу